$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.08.2020, 02:09
Оқиғалар

Қостанай облысында зейнеткер немересін 40 литрлік кастрюльге батырып өлтірген

Прокурор сотталушыға 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Қостанай облысында зейнеткер немересін 40 литрлік кастрюльге батырып өлтірген

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 14 тамызда онлайн режимде 4 жасар баланы өлтіру ісі бойынша жарыссөз өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Алау»-ға сілтеме жасап.

Прокурор сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қайғылы оқиға 17 наурызда Қарасу ауданында болған. Сол кезде Қарасу аудандық полиция бөлімінің Октябрь пунктінің кезекші бөліміне 2015 жылы туған баланың денесін күштеп өлтіргені туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.  Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы 65 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол мас күйінде үйінде тұрып, бірге тұратын 4 жасар немересіне дене жарақатын салған.

Зейнеткер алдымен баланы ұрып, содан кейін 40 литрлік кастрюльге батырған.

Серіктес жаңалықтары