$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2020, 08:23
Оқиғалар

Шымкентте 3 жасар бүлдіршін марганцовка ішіп қойған

Баланың ауыз қуысы толықтай күйіп, дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызған

Шымкентте 3 жасар бүлдіршін марганцовка ішіп қойған

Шымкентте марганцовка ішіп қойған 3 жасар бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Химиялық сұйықтық ішіп қойған бала бес күн бұрын ауыр халде Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген.

Анасының сөзінше, балақай үйде ойнап жүріп, құтыдағы марганцовканы ішіп қойған. Оның ауыз қуысы толықтай күйіп, дәрігерлер шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызған. Науқасқа тез арада реанимациялық көмек көрсетілді.

Мамандардың айтуынша, улы сұйықтық ішіп қойған бала ауыр дәрежедегі токсикалық әсер алған. Жансақтау бөлімінде көрсетілген үздіксіз емнің арқасында бүлдіршіннің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Қазір кішкентай бүлдіршін токсикологиялық бөлімшеде ем қабылдауда.

Серіктес жаңалықтары