Көкшетауда қалалық аурухана аумағынан ер адамның мәйіті табылды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді

Көкшетауда қалалық аурухана аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com

Көкшетауда қалалық аурухана аумағынан ер адамның мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, науқас медициналық мекеменің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның денесі 25 қарашада медициналық мекеме аумағынан табылған. Алдын ала ақпарат бойынша, бұл – суицид дерегі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.