Астананың сол жағалауындағы тұрғын үй кешенінің жанынан жас жігіттің мәйіті табылды

Алдын ала болжам бойынша ол балконнан секіріп кеткен

Астананың сол жағалауындағы тұрғын үй кешенінің жанынан жас жігіттің мәйіті табылды
Фото: скриншот

Астанадағы «Лазурный квартал» атты тұрғын үй кешенінің жанынан бір ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл оқыс оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде таралды. Кейін қалалық полиция департаменті оқиғаны растап, мәлімет берді.

«Суицид жасады деген факті бойынша тергеу басталды. Көшедегі камералардың бейнежазбаларын полиция тәркілеп алды», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Алдын ала болжам бойынша 26 жастағы жігіт балконнан секіріп, қаза тапқан.