Щучинскіде монша өртеніп, екі ер адам күйіп қалды

Өрт сөндірушілер 60 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндіріп, зардап шеккендер жедел жәрдемге тапсырылды

Щучинскіде монша өртеніп, екі ер адам күйіп қалды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында жеке монша өртеніп, екі ер адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды 60 шаршы метр аумақта сөндірді.

«Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттан екі адам өздігінен эвакуацияланған. 1960 және 1987 жылы туған ер адамдар күйік алып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Өрттің алдын ала себебі – жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы», – деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомство өкілдері пешпен жылытылатын нысандарда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың, пеш пен мұржаның жарамдылығын үнемі тексеріп отырудың маңызын еске салды.

Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.