12.08.2020, 21:10
Оқиғалар
Нұр-Сұлтанда соңғы бір айда дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың 107 фактісі тіркелді
Ал дәрі-дәрмектерді заңсыз қайта сатудың 56 фактісі анықталды
Елордалық дәріхана иелеріне дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Соңғы айда Нұр-Сұлтан прокуратурасы дәріхана желісінің 500-ден астам нысанын тексерді. Нәтижесінде дәрі-дәрмектерді заңсыз қайта сатудың 56 фактісі, дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың 107 фактісі, сондай-ақ елде тіркелмеген дәрі-дәрмектер сату фактілері анықталды.
Айта кетерлігі, заң бұзушылық үшін дәріхана иелеріне құны 180 мыңнан жарты миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуге тура келеді.
Көп оқылған
16.09.2026, 06:14
Алматыда прокурордың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады: полиция ресми түсініктеме берді
16.09.2026, 12:32
«Боди массаж жасайды»: экс-әйеліне маза бермеген Нұрсұлтан Жақсыген ақыры сотталып тынды
16.09.2026, 22:09
Астанада BMW жүргізушісі дрифт жасаймын деп бағанаға соғылды (ВИДЕО)
16.09.2026, 09:58
Елена Рыбакина биыл турнирлерден қанша табыс тапты