$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2020, 20:41
Оқиғалар

Қазақстандық азамат 20 тоннадан астам алкоголь өнімін елден заңсыз шығаруға тырысты

Шарап құны 5,6 миллион теңгеге бағаланды

Қазақстандық азамат 20 тоннадан астам алкоголь өнімін елден заңсыз шығаруға тырысты

Көлік жүргізушісінде алкогольді ішімдіктерді мемлекеттік шекарадан тасымалдауға рұқсат құжаттары болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің берген ақпаратына сілтеме жасап.

Экспорттық бақылау қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының «Сырым»автомобиль өткізу пунктінде жүк автокөлік құралы жүргізушісінің тауарға арналған құжаттарын тексеру кезінде 20 тоннадан астам шарап өнімдерін анықтады. 

«Қазақстаннан Ресейге DAF жүк көлігімен 5,6 млн. теңге көлемінде алкогольді ішімдіктер - жүзім шарабы тасымалданды. Қазақстанға шарап Өзбекстан Республикасынан импортталды. Алкогольді ішімдіктерді мемлекеттік шекарадан тасымалдауға рұқсат құжаттары болған жоқ» делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, алкоголь өнімі акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымынан алынды. Материал ҚР заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеулер департаментіне жолданды.

 

Серіктес жаңалықтары