Қостанайда бір емес, екі әженің 23,5 млн теңгесін алдап алған «курьер» алты жылға сотталды

Ол өзін кінәсіз етіп көрсетіп, жазадан құтылып кетпек болған 

Қостанайда бір емес, екі әженің 23,5 млн теңгесін алдап алған «курьер» алты жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Қостанай қаласында егде жастағы екі әйелді бір схема бойынша алдап, 23,5 млн теңгені қалтасына басқан курьер алты жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Касациялық соттың мәліметіне сүйенсек, күдікті өзін Рустам ретінде таныстырған. Екі әженің үйіне өзі келіп, курьер ретінде ақша алып кеткен. Ол қарттарды бір схема бойынша алдаған.

«Зейнеткердің біреуіне «немереңіз жол апатына түсті» десе, екінші зейнеткерге «сіздің қызыңыз көлігімен біреуді қағып кетті» деп алдаған. Зейнеткердің екеуін де тезірек ақша беруге көндіріп, жалпы сомасы 23,5 млн теңгені алған. Ал сотта өзін тек «ақша алып кетуге келген курьер» ретінде қорғап, өзі де алаяқтардың құрбаны екенін айтқан», - деп хабарлайды сот.

Оқи отырыңыздар: Ақтөбеде алаяқтар зейнеткердің 15 млн теңгесін ұрлап алды

Бірақ, прокурор оның кінәсін дәлелдеді. Өйткені, курьер екі әйелді де тезірек ақша беруге көндіріп, тіпті, біреуінің үйіне екі рет келген. яғни, берген ақшасы толық емес екенін айтып, тағы ақша алған.

Сот  «курьердің» кінәсін толық дәлелді деп санап, оны алты жылға сотталды.

Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшамызға жазылыңыздар