Астана халықаралық әуежайына мыңнан аса қой «ұшып келген» (ФОТО)

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлаған

Астана халықаралық әуежайына мыңнан аса қой «ұшып келген» (ФОТО)
Фото: Астана халықаралық әуежайы

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі әуежай қызметкерлері ерекше жүк күтіп алғанын хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, бүгін, 30 қазан күні әуежайға 1 100 қой тиеп келген ұшақ қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 100 қойды «Ерейментау Астық-2014» атты компания Қаазақстандағы мал шаруашылығын дамыту үшін «Береке» атты жеңіл несие арқылы Австралиядан әкелген екен.

Астана халықаралық әуежайы хабарлағандай, бұл рейстің артында халықаралық авиация мен ауыл шаруашылығын байланыстыратын тұтас логистикалық жүйе тұр дейді.

«Астана халықаралық әуежайы үшін мұндай рейстерге қызмет көрсету жүк тасымалы бағытын дамытудың маңызды бір бөлігі», - деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.