«Жасы жетпіске таяған»: Полиция сегіз жылдан бері Астанада жасырынып жүрген зейнеткерді қолға түсірді (ВИДЕО)
Ол Қарағанды қаласындағы қоймадан жалпы құны жарты миллиард теңге болатын тауарды алып шыққан
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері атқарған жұмысының бір бөлігін көрсетті. Соның ішінде жоғалған азаматтар мен қылмыс жасап, жасырынып жүрген қылмыскерлер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Соның ішінде, Қазақстанның полициясы 1 031 күдіктіні ұстаған.
«Олардың қатарында Астана қаласында ұсталған 67 жастағы ер адам бар. Ол алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде болған. Іс материалдарына сәйкес 2018 жылы Қарағанды қаласында ол коммерциялық ұйымның қоймасынан тауарды сату сылтауымен алып шығып, құны 401 млн теңгеден асатын мүлікті иемденген», - деп хабарлайды полиция.
Ішкі істер министрлігінің таратқан видеосына қарасақ, зейнеткердің басында ақ шляпасы бар. Бұдан басқа полиция Алматыда 1,3 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған шетелдік ұсталған.