Әйел адамды ұрып, ақшасын тартып алған: бостандықта жүрген ер адам тағы бір қылмыс жасады

Бас прокуратура істің қалай болғанын хабарлады

Әйел адамды ұрып, ақшасын тартып алған: бостандықта жүрген ер адам тағы бір қылмыс жасады
Фото: istockphoto.com

Танысымен бірге әйел адамды ұрып-соғып, сөмкесіндегі 753 мың теңгесін тартып алған ер адам бостандықта жүрген. Ол еркіндікте жүріп, тағы бір қылмыс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның мәліметінше, танысымен бірге әйел адамды ұрып-соққаннан кейін оған тек бас бостандығын шектеу жазасы ғана қолданылған. Алайда, ол жазасын өтеп болмай жатып, кезекті қылмыстың бел ортасында жүрген.

«Кассациялық сот Бас прокуратураның наразылығы бойынша іс қайта қарап, нәтижесінде жаза өзгертіліп, бас бостандығын шектеу жазасының орнына сотталғанға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органының мәліметінше, бұл жағдай жаңа қылмыс жасау неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғуы мүмкін екенін көрсетеді.