«Каспиін ашып, өзіне аударып алған»: Көкшетау тұрғыны депозиттегі 3 млн-ға жуық ақшасынан айырылып қалды
Күдікті танысының телефонын ұрлап, банк қосымшасы арқылы депозитіндегі ақшаны өз шотына аударған
Көкшетауда полицейлер телефон мен депозиттегі ақшаны ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Жәбірленушіге келтірілген шығын 2,6 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 жастағы қала тұрғынының айтуынша, биыл шілдеде оның танысы құны 660 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлаған. Кейін сол телефондағы банк қосымшасын пайдаланып, жәбірленушінің депозитінде сақталған 1 млн 990 мың теңгені өз шотына аударып алған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстады. Қазір ұрлық дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.