Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Ақтөбе тұрғындары қар басқан қала мен табиғат көріністерін әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе мен оның маңына 4 қазанда алғашқы қар жауды. Жергілікті тұрғындар қар басқан көріністердің фото және видеоларын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбеде қар Алтын Орда ауданында жауған. Сондай-ақ Мәртөк ауданынан да фото және видео жолданған. Ақжар ауылында және Хромтауда да қар байқалған. Қалада ауа температурасы +3 градус шамасында болды.

Еске салайық, «Қазгидромет» Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысында 5 қазанға дауылды ескерту жариялаған. Облыста түнде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстігі мен шығысында көктайғақ болуы мүмкін, күндіз бұл аумақтарда аздаған жауын-шашын болжанады.

Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады. Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с болып, кей уақытта облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбеде түнде жаңбыр мен қар, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Күндіз батыс және оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей уақытта екпіні 25 м/с болады.