Шымкентте 90 млн теңгенің алтыны мен бриллиант бұйымдары ұрланды
Ұсталған күдікті алтынның бір бөлігін ломбардқа кепілдікке өткізген
Шымкент тұрғыны Абай ауданының Полиция басқармасына арызданып, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етіп алып кету оқиғасы туралы хабарлаған. Арызданушының айтуынша, оның танысы базардағы павильоннан алтын және бриллиант бұйымдарын алып кетіп, нәтижесінде, 90 млн теңге мүліктік шығын келтірген.
Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі (“Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу”) бойынша тіркелді.
Полиция басқармасының анықтауынша, күдікті алтынның бір бөлігін базар жанындағы ломбардқа кепілдікке өткізген. Ал, қалған алтын бұйымдар 38 жастағы күдікті әйелден тәркіленді.
Аталған қылмыс бойынша Түркістан облысының тұрғыны ұсталып, Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасының тергеу бөліміне жеткізілген.