23.09.2026, 13:34
Оқиғалар
Астанаға ұшып келген он адамнан 223 дана iPhone 18 тәркіленген
Кеден бекеті оларды тәркілеп алды
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
Астанадағы кеден бекетінің қызметкерлері 10 адамнан 223 дана соңғы үлгідегі iPhone 18 смартфон тәркілеп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұдан басқа азаматтар 10 дана AirPods құлаққабын алып өтпек болған. Кеден бекеті бұл тауарлардың бәрі декларациядан өтпегендіктен, заңсыз тауар деп тәркілеп алған.
«Әуежай – Астана» кеден бекетінің қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелуге қатысты 10 фактінің жолын кесті. Барлығы 223 дана iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods құлаққабы табылды», - деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Жалпы, заң бойынша жеке пайдалану мақсатында бір адам 2 телефон әкеле алады. Бұдан көп тауар алса, онда тауарды кедендік декларациядан өткізу керек.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды