Апалы-сіңлілі екі әйел 2 жыл бойы Астананың сол жағалауында 18 жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікке тартып келген (ВИДЕО)

Прокуратура таратқан видеода оқиға сол жағалаудағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінде болғанын аңғаруға болады

Апалы-сіңлілі екі әйел 2 жыл бойы Астананың сол жағалауында 18 жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікке тартып келген (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Астана қаласының прокуратурасы 2 жыл бойы притон ұйымдастырып, жас қыздарды, соның ішінде кәмелетке толмаған қыздарды жезөкшелікке тартқан қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, притонды ұйымдастырған екі әйел – апалы-сіңлілі болған. Бұл ауыр қылмысқа олардың күйеулері де толыққанды мүше болған. Жалпы, іс бойынша 15 адам қылмыстық іске тартылып отыр.

«Тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде екі апалы-сіңлілі өз жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырғаны анықталды.Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген», - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Ең сорақысы, бұл қылмыстық топтың кесірінен жас қыздар жазықсыз жеөзекшелікке айналып кеткен.

«Олар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс ұсынған. Тұратын үй мен күзет береміз деген. Ал жеөзекшелерді жалға алған ер адамдардың мас екенін пайдаланып, оларға күш қолданып, ақша бопсалаған. Қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталып, тергеу сотқа өтті. Оларға қандай жаза тағайындалатынын сот шешеді», - деп хабарлайды прокуратура.