Бірінің үстіне бірі мінгескен: Ақмола облысында мопедке мінген бозбалалар полицияны шошытты (ВИДЕО)
Ақмола облысында мопед мінген жасөспірімдердің жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықтады
Ақмола облысында бірінің үстіне бірі мінгесіп алып, мопед жүргізген бозбалалар анықталды. Полиция қызметкерлері олардың кім екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімдер жол қауіпсіздігі талаптарын бұзып, қауіпті трюктер жасаған, осылайша өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігіне қатер төндірген.
«Осы факт бойынша 18 жастағы жүргізушіге қатысты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік құралын басқарғаны, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын және жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізулер жасалды. 17 жастағы жасөспірімге қатысты жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізілді. Мопедтерге арналған құжаттар бар болды. Жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды», - делінген ПД хабарламасында.