Алматыда әйел адам көшедегі адамдарға шабуыл жасап, тас лақтырып жүр (ВИДЕО)

Оқиғаға қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті ресми жауап берді

Алматыда әйел адам көшедегі адамдарға шабуыл жасап, тас лақтырып жүр (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматыда әйел адамның өтіп бара жатқан адамдарға тас лақтырып жүргені белгілі болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Threads қолданушысы Алматы көшелерінің бірінде ер адам мен әйелдің жанжалдасып тұрған видеосын жариялады.

Ал пікір алаңында бұл әйелдің қаланың тағы бірнеше жерінде адамдарға шабуыл жасағаны туралы жарыса жазды. Қала тұрғындарының айтуынша, ол өтіп бара жатқандардың дәл басын көздеп тас атып жүр.

Оқиғаға қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті ресми жауап берді.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында әйелдің жүргіншілерге қатысты әдепсіз әрі орынсыз әрекет жасап жүргені түсірілген видео анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында тиісті материал тіркелді. Сол күні сағат 17:44-те Розыбакиев көшесінде белгісіз әйелдің көліктерге тас лақтырып жүргені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 1999 жылы туған әйелді ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізді», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.