$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.08.2020, 08:31
Оқиғалар

Ливандағы жарылыстан 78 адам қайтыс болды

Бүгін Ливанда Ұлттық аза тұту күні

Ливандағы жарылыстан 78 адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Ливанның Бейрут қаласында болған жойқын жарылыстан қаза тапқандардың саны 78, ал жараланғандардың қатары 4 мыңнан асты. Бүгін Ливанда Ұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды «Хабар24».

Жергілікті билік шаһарды апатты аймақ деп жариялады. Қазір өңірге медициналық көмек, құтқарушылар мен әскерилер тартылып жатыр. Жарылыстан Ливандағы Қазақстан елшілігі де зақымданды.

Қазақстанның осы мемлекеттегі консулы Сыпабек Бағланның хабарлауынша, дипмиссия қызметкерлері дін аман.

Қазақтан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, жарылыс кезінде басқа да қазақстандықтардың зардап шеккені  жайлы ақпарат анықталып жатыр. 

Иорданияның сейсмологтары жойқын жарылыстың күші магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісінің қуатымен бірдей болғанын айтады. Оқиғадан халықаралық әуежай мен Ливан премьер-министрінің штаб пәтері де зақымданған. Ливанның жоғарғы қауіпсіздік кеңесі Бейрут қаласын апатты аймақ деп жариялады. Ел президенті Мишель Аун өңірде екі аптаға төтенше жағдай режимін жарияламақ. Бұл туралы ол өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлады. 

Ливан үкіметінің болжауынша, жарылыс пиротехника тұрған қоймада сақталған қауіпті заттардың жарылуынан болған.

Серіктес жаңалықтары