31.08.2026, 16:06
Оқиғалар
Астанада тағы да кран құлап, бір адам қаза тапты – екі адам ауыр хәлде жатыр
Бірнеше күн бұрын ғана қалада тағы бір адамның үстіне кран құлап, мерт болған еді
Фото: t.me/qumash_kz
Бүгін, 31 тамыз күні Астанадағы құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты. Azattyq Rýhy редакциясына бұл фактіні қалалық полиция департаменті растады.
«Құрылыс алаңындағы осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Жарақат алған адамдар ауруханада жатыр. Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты тергеуді бастап кетті, болған оқиғаның мән-жайы жан-жақты тергеледі», - деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, 27 тамыз күні Астанада тағы бір кран құлап, оның үстінде отырған краншы қаза тапқан еді.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 21:23
Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды
05.09.2026, 16:05
СҚО-да зейнеткер 89 жастағы анасын балталап өлтірген