Алматы әуежайында FlyArystan компаниясының ұшағы өртеніп, бір қызметкер жараланды
Абырой болғанда, ол жеңіл жараланып, дәрігерлер оны үйіне жіберген
Алматы Халықаралық әуежайында жоспарлы техникалық тексеруден өтіп жатқан ұшақтан өрт шыққан. FlyArystan компаниясының ұшағында өрт шыққан кезде жолаушы да, экипаж мүшелері де болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист Михаил Козачковтың телеграмм-арнасындағы мәліметке сүйенсек, оқиға бүгін, 28 тамызда болған. Түтін шыққанда ұшақ ішінде жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған. Тек, компанияның бір қызметкерін күйік шалған көрінеді.
В Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, қызметкер ауруханадан шығып, үйіне кеткен.
«Air Astana компаниялар тобы 28 тамыз күні Алматы Халықаралық әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шыққанын растайды. Өрт ошағы бірден сөнді, ал жараланған адамды дәрігер шұғыл қараған. Қазір қызметкер ауруханадан шықты», - деп хабарлайды дерекаөз.