Астанада серуендеп кетіп бара жатқан үш жігіттің басына шыны бөтелке құлап кете жаздаған (ВИДЕО)
Оқиғаны куәгер видеоға түсіріп алған
Астана қаласында тұратын әйел «Сенетор» тұрғын үй кешенінің аумағында болған қорқынышты жағдайды видеоға түсіріп алып, жабыл қақты. Оның айтуынша, кешқұрым көшеде кетіп бара жатқан үш жігіттің үстіне әлдекімдер су толы шыны бөтелкені лақтырып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абырой болғанда, бөтелке үш жігіттің басына емес, жанына құлап, күл талқаны шыққан. Дегенмен, бұның өте қауіпті әрі қорқынышты болғанын айтқан әйел мәселе елеусіз қалмаса екен дейді.
Желідегі видео тез таралып, оған Астана қаласы Сарайшық ауданының полициясы назар аударған.
«Қазір полиция бөтелке лақтырған адамды іздеп жатыр. Оны тапқан соң, әрекетіне заң аясында жауап береді», - деп хабарлайды полиция.
Бұл ретте Астана қаласының полиция департаменті «Заң мен тәртіп» аясында кез келген заңға қайшы әрекетке тосқауыл қойылады дейді.