«Кіп-кішкентай қыздар ғой»: Атырау облысында екі қыз бала есірткі тығып жүрген жерінен ұсталған (ВИДЕО)

Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр

«Кіп-кішкентай қыздар ғой»: Атырау облысында екі қыз бала есірткі тығып жүрген жерінен ұсталған (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Атырау облысының Тасқала кентінде болған оқиғаның видеосы таралып жатыр. Дереккөзге сүйенсек, екі қыз бала есірткі тығып жүрген жерінен ұсталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Редакция осы видеоға қатысты Атырау облысының полиция департаментінен ресми түсініктеме сұратты. Полиция департаменті бұл фактіні растады, бірақ, толық ақпаратты ашып, түсіндірген жоқ.

«Осы факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Дәлқазір оқиғаның мән-жайы толық тексеріліп, кейін тиісті шешім қабылданады», - деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті.

Ал желідегі ақпаратқа сүйенсек, қыздар 25 тамыз күні, түскі сағат 16:25-те Тасқала кентінде ұсталған. Бұл видеоға пікір жазған азаматтар қолға түскен екі қыздың әлі бала екенін, сондықтан, ұйымдастырушыларды да анықтап, қамау керегін талап етіп жатыр.