21.08.2026, 01:12
Оқиғалар
Ақтөбеде жол апатынан кейін 10 жастағы қыз комаға түсті
Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр
Фото: © istockphoto.com
Ақтөбеде 2 тамызда көлік қағып кеткен 10 жастағы қыз қазір комада жатыр. Ембі көшесінде болған жол апатынан кейін бала ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы әлі де өте ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» газетіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерде жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен.
Жол апатының алдында бала үйінің маңындағы дүкенге шыққан.
«Ауруханада қыздың қабырғалары мен жамбас сүйектері сынғаны, сондай-ақ ашық бас-ми жарақатын алғаны анықталды. Мамандар оның жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты