Арыстағы әскери бөлімде жарылыс болды

Оқиғадан зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ

Арыстағы әскери бөлімде жарылыс болды
видеодан скриншот

Арыс қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шымкент гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

19 тамызда сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп тұтанды.

Өрт кезінде жоюға алдын ала дайындалған оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ.

«Жағдай бақылауда. Өрт толықтай өшірілді, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Азаматтарды әлеуметтік желілерде таралып жатқан расталмаған ақпараттарға сенбеуге және тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз», - деп атап өтті Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.