Нұр-Сұлтанда айына 5 миллион маска тігетін өндіріс іске қосылды

Маскалардың жоспарланған бағасы – көтерме саудада 55 теңге және бөлшек саудада 60 теңге

Қазіргі уақытта кәсіпорын тестілік режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«10 маусымда бізге жабдықтар келе бастады, содан кейін оны іске қосып, қолдануға, сондай-ақ қызметкерлерді қабылдауға кірістік. Ал 20 шілдеден бастап тестілік режимде жұмыс басталып, қызметкерлерді қатар оқыту басталды. Айына сынақ режимінде желі екі миллионға дейін маска шығара алады. Толық өндірістік қуаты бойынша айына бес миллион маскаға дейін шығарады», - деді «Болашақ 2019» ЖШС техникалық директоры Ғабит Нүсіпов. 

Медициналық маскалардың ерекшелігі – сүзгі элементі ретінде жоғары қорғаныс қасиеті мен су өткізбейтін материал қолданылуында. 

Кәсіпорын қызметкерлері үш ауысымда жұмыс істейді. 

«Біз біргеміз!» акциясы аясында кәсіпорын №12 қалалық емханаға 5 мың маска тапсырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.