$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2020, 15:25
Оқиғалар

Ақтауда тұрғындар педофилді ұстап, полицияға тапсырды

Күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағанға қатысты біле тұра зорлық-зомбылық жасау) іс қозғалды

Ақтауда тұрғындар педофилді ұстап, полицияға тапсырды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтау тұрғындары педофилді қолға түсірді, деп хабарлайды inbusiness. Белгілі болғандай, оның ойнап жүрген кішкентай қызды жетектеп бара жатқанын көрген көршілер шу көтереді, қашып кетпек болғанда сол маңда тұратын азамат тәртіп сақшылары келгенше тырп еткізбей ұстап отырған. 

«Ақтау қалалық Полиция басқармасына 29 шілде күні түскі сағат 13.00 шамасында түрі азиаттық ер адамның балалар алаңына келіп, кішкентай қыз баланы алып кеткені жөнінде хабарлады. Ер адам оны үйлердің бірінің подъезіне апарып, арам ойын іске асырмақ болған. Полиция патрулі дереу оқиға орнына барып, күдіктіні қолға түсірді. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағанға қатысты біле тұра зорлық-зомбылық жасау) іс қозғалды», – деп мәлімдейді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен. 

 



 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтау #педофил