26.07.2026, 03:22
Оқиғалар
Алматыда жүк көлігі басқарудан шығып кетіп, бетон бөгетке соғылды
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ
Фото: © istockphoto.com
Алматыда Shacman маркалы жүк көлігі жол апатына ұшырады. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы Әуезов ауданында, Саин көшесінде, Абай даңғылының жол өткелінің астында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, солтүстік бағытта келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, бетон қоршауға соғылған.
Қатты соққы салдарынан көліктің кабинасы қатты зақымданған. Алайда жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды.
Полиция жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, жол жағдайын ескеріп, рөлде барынша мұқият болу қажеттігін еске салды.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды