Абай облысындағы жантүршігерлік қылмыс: бойжеткенді 20 жастағы жігіт пышақтап кеткен
Олар бұрын таныс болған
Абай облысының Бородулиха ауылында жас қыздың денесі табылды. Көп ұзамай полиция қызметкерлері кісі өліміне күдікті ретінде 20 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл тұрғындарының бірі 13 шілде күні таңғы сағат 06:00 шамасында үйінің маңынан пышақ жарақаттары бар бойжеткеннің мәйітін тауып алған.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстап, уақытша терген изоляторына қамады. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің алдын ала мәліметінше, күдікті мен қаза тапқан қыз өзара таныс болған. Олардың арасында жеке араздық салдарынан жанжал туындап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.
Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.