«ҚазАвтоЖол» пара сұраған бірнеше лауазымды тұлғаны Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұстатып жіберген

Оның бірі – Солтүстік Қазақстан облысындағы мердігердің бас инженері

«ҚазАвтоЖол» пара сұраған бірнеше лауазымды тұлғаны Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұстатып жіберген
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы атқарған жұмысы үшін құжатқа артық ақша жазып беруді өтінген бірнеше адамды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұстатып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бастамашылық хабарламасы негізінде 2026 жылдың 8 шілдесі күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері орындалған жұмыстардың қол қойылған аралық актісі сомасының 1 пайызы көлемінде пара алу кезінде мердігер ұйымның техникалық қадағалау жөніндегі бас инженерін ұстады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» компаниясының өзі жүргізген қызметтік тергеп-тексеру материалдары мен аудиторлық тексеру кезінде Көкшетаудың көлік прокуратурасы «ҚАЖсервис» ЖШС Ақмола облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 250-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Бұл істегі залал көлемі 24 млн теңгеден асқан.