Ұшақ ішінде полицейді боқтаған Астана тұрғыны сот алдында жауап берді
Оған ірі көлемде айыппұл салынды
Елорда тұрғыны ұшақ бортында тәртіп сақшысына тіл тигізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға осы жылдың наурыз айында болған. Мас күйдегі жолаушы әйел ұшақ бортында қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан. Онымен қоса, көпшіліктің көзінше билік өкілін балағаттап, ар-намысына тиген.
Көлік прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдаған сот процесінің қорытындысы бойынша әйел кінәлі деп танылып, оған ірі көлемде айыппұл салынды. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енді.
Прокуратура билік өкілін көпшілік алдында қорлау және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.