Жамбыл облысындағы түнгі рейд: полиция бір түнде ереже бұзған 277 адамды ұстаған

Олардың арасында көлікті заңсыз тіркегендер де бар

Жамбыл облысындағы түнгі рейд: полиция бір түнде ереже бұзған 277 адамды ұстаған
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысының полициясы бір түнде жол ережесін бұзған 277 адам анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Полицияның мәліметінше, Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері көшеде жарысқан, дрифт және басқа да қауіпті әрекеттер жасаған жүргізушілерді анықтаған.

«Рейд барысында 277 әкімшілік құқық бұзушылыққа тосқауыл қойылды. Көлік құралын мас күйінде басқарған 6 жүргізуші және көлік құралын басқару құқығы жоқ 21 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Т. Рысқұлов ауданында полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігі жоқ және алкогольдік масаң күйде GSX Suzuki мотоциклді басқарған азаматты тоқтатты. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, мотоцикл айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралдарын басқарудың 18 дерегі, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын пайдаланудың 13 дерегі анықталды. Авариялық жағдай туғызғаны үшін 5 жүргізуші, ал қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 4 жүргізуші жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды полиция.

Полицияның мәліметінше, осындай деректердің бірі Тараз қаласында тіркелді. Жансүгіров көшесінде Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын басқару құқығы болмағанына қарамастан қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айып тұрағына қойылды. Жалпы рейдтік іс-шаралар қорытындысы бойынша 59 көлік құралы айып тұрағына қойылды, оның ішінде 9 шетелдік тіркеудегі автокөлік бар.