Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы мен Орынбор көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
Көліктердің бірі бағдаршамның сары түсіне «үлгеріп» кетпек болған
Бүгін, 15 маусым күні әлеуметтік желіде Мәңгілік ел даңғылында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы таралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық пабликтерде тарап жатқан видеоға қарасақ, екі көлік соқтығысқан. Біздің редакциямызға жол апатына қатысты комментарий берген қалалық полиция департаменті мән-жайды баяндады.
«Орынбор көщесімен келе жатқан «Changan» маркалы көліктің жүргізушісі Мәңгілік ел даңғылығының қиылысына келгенде, солға бұрылып кету үшін бағдаршамның қосымша белгісін елемей, тыйым салынған белгіге өтіп кеткен. қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермеген ол «Mitsubishi» маркалы көлікпен соқтығысқан», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Соққының салдарынан «Changan» көлігі бағдаршамның темір бағағына соғылып кеткен.
«Жол апатынан екі көліктің де жүргізушісі, «Changan» маркалы көліктің үш жолаушысы аурухана түсті», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Редакция жолаушылардың жағдайы туралы ақпарат алу үшін қалалық денсаулық сақтау басқармасынан комментарий сұратты.
Полиция қазір екі көлікті коммуналдық тұраққа алып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, жүргізушілер мас болмаған.