14.06.2026, 02:10
Оқиғалар
Семейдің аспалы көпірінен секірген жас жігіт ажал құша жаздады (ВИДЕО)
Оны құтқарушылар дрон арқылы тапқан
Фото: istockphoto.com
Семейдегі Ертіс өзенінен өтетін аспалы көпірде қайғылы оқиға орнай жаздады – 27 жастағы жас жігіт суға секіріп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға куәгерлері 112 қызметіне телефон соғып, Ертіс өзеніндегі аспалы көпірден бір адамның суға құлап кеткенін хабарлаған.
«Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қайық пен дрон тартылды. Жедел шаралардың арқасында 1999 жылы туған азамат Ертіс өзенінің Бобровка ауданынан табылды», - деп хабарлайды ТЖМ.
Құтқарушылар ер адамды жедел жәрдемге тапсырған.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
15.09.2026, 08:55
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы: солтүстікте – жаңбыр, оңтүстікте – 33 градус ыстық