Астанада велосипед мінген тағы бір бала көлік астына түсіп, жарақат алды

Бала бағдаршамның қызыл түсіне қарай өте шықпақ болған

Астанада велосипед мінген тағы бір бала көлік астына түсіп, жарақат алды
Фото взято: t.me/astanovka98

Астанадағы Қошқарбаев даңғылы мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне қарай өтіп кетпек болған бала велосипедімен бірге көлік астына түсіп, жараланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде пайда болды. Кейін полиция департаменті 12 маусым күні осы екі көшенің қиылысында велосипед мінген бала көліктің астына түсіп, жараланғанын растады.

«Ford маркалы көлік жүргізушісі Қошқарбаев даңғылы мен Жұмабаев көшесінің қиылысында кәмелет жасына толмаған баланы қағып кетті. Бала велосипедінен түспестен, бағдаршамның қызы түсіне өткен. Баланы жедел жәрдем ауруханаға алып кетті», - деп хабарлайды Астананың полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында Астанада велосипедінен түспей, жаяу жүргіншілер жолын тез кесіп өтпек болған баланы жүк көлігі басып, мерт қылған еді.