Құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен 13 жастағы баланы геолокация арқылы тауып алған (ВИДЕО)

Ол досымен бірге атақты Бутаков шатқалына кетіп қалған екен

Құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен 13 жастағы баланы геолокация арқылы тауып алған (ВИДЕО)
Фото: pixabay

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматыдағы Бутаков шатқалында адасып кеткен 13 жастағы жасөспірімді тауып, ата-анасына табыстаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Дереккөз жазғандай, бала досымен бірге шатқалға кетіп, адасып кеткен.

«Құтқарушыларға баланың әкесі хабарласып, дабыл қаққан. Оның айтуынша, 2013 жылы туған ұлы досымен бірге Бутаков шатқалы бағытына кеткен. Жасөспірімнің соңғы белгілі геолокациясы Фурманов шыңындағы «Панорама» лашығы маңында тіркелген. Кейін ата-анасы оның қайда жүргенін көрмей қалған», - деп хабарлайды ТЖМ

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің экипажы дереу таулы аймаққа аттанды. Маршрутты тексеру барысында құтқарушылар жасөспірімді тауып, оны таудан төменге дейін алып түсіп, ата-анасына тапсырған.

Мақалада
#Алматы #ТЖМ