12.06.2026, 17:42
Оқиғалар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу аяқталды – тараптар іспен таныса бастаған
Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров мәлім етті
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Қылмыстық істер жөніндегі адвокат, Шымкентте адам қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың туыстарын қорғайтын Аянхан Омаров бойжеткеннің өліміне қатысты тергеу аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Адвокаттың айтуынша, қазір тараптар істің 1-7 томдарымен танысып жатыр.
«Нұрайдың ісі бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың адвокаты қылмыстық істің 1–7 томдарымен танысып, олардың көшірмелерін алдық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасып жатыр», - деп жазды адвокат бүгін, 12 маусым күні.
Адвокаттың айтуынша, істің барлық қатысушылары заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болғаннан кейін іс сотқа жолданады.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды