«Мешітте түнеп жүрген»: Астана тұрғыны намаз оқып жатқан адамның қымбат телефонын ұрлап кеткен (ВИДЕО)

Күдікті 36 жастағы ер адам болып шықты

«Мешітте түнеп жүрген»: Астана тұрғыны намаз оқып жатқан адамның қымбат телефонын ұрлап кеткен (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Астанадағы мешіттердің бірінде түнеп жүрген ер адам намаз оқып жатқан азаматтың сөмкесінен қымбат телефонын ұрлап, бой тасалаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының полиция департаменті ұрлық болған сәттің видеосын жариялап, халықты абай болуға шақырды. Айта кетейік, дереккөзге сүйенсек, өзгенің мүлкіне қол салған азамат – 36 жастағы ер адам болып шықты.

«Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мешітте түнеп жүрген. Сол сәтте мешітке келген адамдардың біреуі намаз оқып жатқанда, күдікті оның жақында тұрған сөмкесінен iPhone 13 маркалы ұялы телефонын байқатпай ұрлап кеткен», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басы анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ол елорда көшелерінің бірінде ұсталды.

«Ұрланған телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтардық. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.