24.07.2020, 04:32
Оқиғалар
Өгей қызын зорлап келген Павлодар тұрғыны 15 жылға сотталды
Іс бірнеше рет тоқтатылғандықтан, қыз 9-қабаттан секіріп кеткен
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар тұрғыны өгей қызын зорлап келгені үшін 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Өгей әке қыз 8-9 жаста болғаннан бастап оған тиісе бастаған. Ал ол бұл туралы анасына енді айтқан. Әйел бірден полицияға хабарлады. Іс бірнеше рет жабылып, үміті үзілген қыз 9-қабаттан секіріп кеткен. Бұл оқиғадан кейін қыздың күнделігі табылып, 43 жастағы тұрғын қамауға алынды. Сот жабық режімде өтті. Күдікті өз кінәсін мойындады.
«Ол 15 жылға сотталды. Сонымен қатар ол педагогикалық қызмет атқару құқығынан айырылды», - деді Павлодар облысы ауданаралық сотының баспасөз хатшысы Жанна Тергемесова.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды