$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.07.2020, 11:53
Оқиғалар

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзған 148 факт анықталды

Төрт жайт – үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзған 148 факт анықталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын бұзған 150-ге жуық, дәрі-дәрмекті қымбат бағаға сатқан 30-дан астам фактіні анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. 

Облыс бойынша құрылған мобильдік топ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы») бойынша карантин талаптарын бұзған 148 оқиғаны анықтады. Оның ішінде төрт жайт - үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. Сондай-ақ рейд жүргізу барысында Түркістан облысы ПД-нің полицейлері дәрі-дәрмекті заңсыз жолмен жоғары бағамен сатқан 33 фактіні тіркеді.

Мәселен, Жетісай ауданында полиция бөлімінің қызметкерлері сағат түскі 13.00-де Алматы қаласына бара жатқан 12 жолаушысы бар автобусты тоқтатты. Полиция қызметкерлері жолаушыларды тексеріп, оларға карантин талаптарын бұзуға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізуші мен жолаушылар автобусы Жетісай АПБ-на жеткізілді. Тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұрағына қойды.

Оған қоса, тәртіп сақшылары Қазығұрт ауданында дәрі-дәрмекті жоғары бағамен сату фактісін анықтады. Дәріхана сатушысы тұтынушыға «Анаферон» дәрісін және «ацетилсалицил қышқылының» қаптамасын жалпы сомасы 1600 теңгеге сатқан (белгіленген бағасы 1350 теңге).

Аталған жайт Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Дәріхана сатушысы дәрілік заттарды жоғары бағамен сатқанын мойындады. Осы фактіге байланысты тиісті шешім қабылдау үшін құжаттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Сарыағаш ауданы елдімекендерінің бірінде бес «Котенокс» бумасын 10 000 теңгеге сату кезінде әйел адам ұсталды. Тәртіп сақшылары дәрі-дәрмекті тәркілеп алды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары