Астанада ерекше баланы қызметтік көлікпен қыдыртқан екі полицей 17 сағат ішінде желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Мика Молдахметованың әсерлі видеосын бір түн ішінде 1,3 млн адам көрген

Астанада ерекше баланы қызметтік көлікпен қыдыртқан екі полицей 17 сағат ішінде желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Астанада тұратын Мира Молдахметова есімді келіншек ерекше баласы мен Астана полициясының қызметкерлерін видеоға түсіріп, көптің жүрегіне жылу ұялатты, деп жазады 

Күндіз кқшеде патрульдік полицияның көлігін көріп, соған қызыққан ерекше ұлы қызмет бабында жүрген кқлікке міне алмадым деп, қатты жылаған. Әйел баласын әрең көндіріп, үйіне алып кеткен. Ал, бір күннен кейін осы баланы қуантқысы келген Полиция департаментінің екі қызметкері оның үйіне келіп, ертіп алған екен.

«Қазақстанның полициясына ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздер тәртіп пен қауіпсіздік жолында күнде еңбектеніп жүрген қарапайым қызметкер емес екенсіздер. Сіздер жүрегі кең нағыз азамат екенсіздер. Баланың көңілін қуанту үшін уақыт тауып, оның кішкентай арманын орындадыңыздар», - деп жазған әйел өз видеосының астына.

Қазір бұл видео бір ғана әлеуметтік желінің өзінде 1,3 млн қаралым жинаған. Қазақстандықтар видеодағы екі қызметкерге алғыс жаудырып, оларды марапатқа ұсынып жатыр.