29.05.2026, 12:06
Оқиғалар
Астанада төрт жасар қыз бала жетінші қабаттағы терезеден құлап, көз жұмды
Полиция қылмыстық іс қозғаған
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Астанада төрт жасар қыз бала жетінші қабаттағы терезеден құлап, оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының полиция департаменті редакциямызға хабарлағандай, бала оқиға орнында жан тапсырған.
«Баланың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, бала жетінші қабаттан құлаған. Жарақаттарының ауыр болғаны соншалық, ол оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Осы ретте полиция балаларға мұқият қарап, терезелерге темір қоршау орнатып, терезенің алдына баланың бойы жететін жиһаз қоймауды сұрайды.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 13:54
Оралда адам өмірін құтқару үшін жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұл төлемейтін болды