Маңғыстау облысында мектеп түлектері 236 қымбат көлікті кортежге шығарған (ВИДЕО)
Сондықтан, полиция 400-ге тарта азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан
Кешеден бері әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан таралған мектеп кортженің видеосы таралып жатыр. Қаладағы №3 мектептің түлектері мобилограф жалдап түсірген видеоны 2,2 млн адам көрген. Azattyq Rýhy редакциясы осы кортежге қатысты Маңғыстау облысының полиция департаментінен комментарий сұратқан еді.
Полиция департаменті кеше, 25 мамыр күні Маңғыстау облысында заңсыз кортеж ұйымдастырып, оқушылардың өміріне қауіп төндірген 236 көліктің нөмірін шешіп алып, айып тұрағына қойғанын хабарлады. Заң бұзған 400-ге тарта адам айыппұл алған.
Жалпы, облыстың полиция департаменті 25 мамыр күні күшейген режимде жұмыс істеген.
Видеодағы тікұшақ жасанды интеллект арқылы жасалған.