TikTok пен YouTube-те онлайн казино жүргізген жігіт рақымшылыққа ілініп, жазадан құтылды

Алайда, ол 9,9 млн теңгені өндірмей қойған 

TikTok пен YouTube-те онлайн казино жүргізген жігіт рақымшылыққа ілініп, жазадан құтылды
Фото: freepik.com

Астана прокуратурасы рақымшылыққа ілініп, жазадан құтылған азаматтан мемлекет пайдасына 9,9 млн теңге өндіріп берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бұл азамат лицензиясы жоқ болса да әлеуметтік желіде казино ашқан.

«Астана тұрғыны арнайы лицензиясыз ойын бизнесі саласында қызмет ұйымдастырған. Оның бақылауымен мобильді қосымша арқылы қолжетімді онлайн казино жұмыс істеген. Азаматтар TikTok және YouTube әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфирлер арқылы құмар ойындарға қатысып, ойынға қатысу үшін ақша қаражатын аударып отырған», - деп хабарлайды прокуратура.

Тергеу бұл азаматтың онлайн казино арқылы ірі көлемде табыс тапқан. Сондықтан, сот оны кінәлі деп таныған. Алайда, рақымшылыққа ілініп, жазадан босатқан.

«Прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша сот актісі өзгерді. Яғни, мемлекет пайдасына қылмыстық жолмен алынған заңсыз табыс ретінде 9,9 млн теңге өндірілді», - деп хабарлайды прокуратура.