13.05.2026, 16:50
Оқиғалар
«Үшкір затпен қорқытады»: «Қапланбек» бекетінде адамдардың зәресін ұшырған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Ол «Қапланбек» бекетінде адамдарды шошытқан
Фото: скриншот
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек» өткізу бекетінде орын алған құқыққа қайшы әрекет фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл комментарийді редакцияға Түркістан облысының полиция департаментінен жіберді. Ал, желіде таралған видеодан байқатынымыз, ер адам сөмкесінен үшкір бұрауыш алып шығып, өзіне жақындаған адамдарды қорқытқан.
«Қылмыс жасады деген күдікпен жедел іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жұмыссыз, тұрақты тұрғылықты жері жоқ», - деп хабарлайды полиция.
Күдікті Түркістан облысы ПД Сарыағаш аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді