Қарағандының қақ ортасында жол ережесін бұзған жігіттерді полиция жаппай қолға түсірді (ВИДЕО)

Олар көліктен бастарып шығарып, қауіпті маневр жасаған

Қарағандының қақ ортасында жол ережесін бұзған жігіттерді полиция жаппай қолға түсірді (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Қарағандыда жол ережесін өрескел бұзып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген жүргізушілердің бәрі анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, жол ережесін бұзған бұл жігіттерді ең бірінші болып Қаладағы жедел орталықтың камерасын бақылап отырған қызметкерлер көрген. Олар бірден мониторинг жүргізіп, көлік нөмірлерін, артынша, көлікте болған жігіттердің бәрін анықтаған.

«Олар үлкен жолдың ортасына келгенде көліктерін арлы-бері бұрылтып, қауіпсіздік белдіктерін шешіп, терезе мен машинаның төбесінен бастарып шығарған. Полиция олардың бәрін анықтап, бес автокөліктің иелері бұрын да жол ережесін бұзғанын анықтады», - деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.

Олардың ісі қазір соттың қарауында, ал көліктері айыппұл тұрағында.