«Аға, ауырып барады!»: Атыраудың құтқарушылары Жайыққа секірген 15 жасар қызды аса ерлікпен 4 минутта құтқарып алған (ВИДЕО)

Қыз баланы олар дәрігерге тапсырды

«Аға, ауырып барады!»: Атыраудың құтқарушылары Жайыққа секірген 15 жасар қызды аса ерлікпен 4 минутта құтқарып алған (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Бүгін, 27 сәуір күні Атырау қаласындаа 15 жасар жасөспірім қыз Жайық өзенінің көпірінен  секіріп кеткен. Айналадағы адамдар бірден 112 пультіне хабар беріп, құтқарушылар қызды 4 минуттың ішінде құтқарып алды, деп хабарлайды

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару операциясының видеосын көрсеткен. Дереккөзге сүйенсек, хабар түсе сала құтқарушылар 4 шақырым жерді жүзіп өтіп, оқиға орнына 4 минут ішінде жетті.

«Құтқарушылар көпірден шамамен 800 метр қашықтыққа ағыс алып кеткен қызды көрген. Құтқарушылардың бірі суға секіріп, оны ұстап тұрды, ал әріптестері құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де қайыққа алып шыққан. 2011 жылы туған қызды құтқарушылар дәрігерге тапсырды», - деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметі.