Алматыда жүрген шетелдік Шымкент тұрғындарын оңбай алдап кеткен (ВИДЕО)
Ол тағы төрт шетелдік студенттің картасын пайдаланып, ақша «шешіп» келген
Шымкент қаласының киберполиция бөлімі Шымкент қаласының тұрғындарын алдаған шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, бұл шетел азаматы Алматы қаласында жүріп, Шымкент қаласының бірнеше азаматын алдаған күдіктіні ұстады. Ол азаматтарды интернет арқылы алдаған.
«Ол адамдарға психологиялық қысым көрсеткен: күдікті Шымкент тұрғындарына қоңырау шалып, өзін банк немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндірген. Бұған дейін алаяқтықтың үш фактісі анықталды. Жалпы, 8 млн теңге шығын келді», - деп хабарлайды полиция.
Тексеру барысында ұрланған қаражат аударылған шоттар да анықталды. Олар Алматыда тұратын төрт шетелдік студенттің атына рәсімделгені белгілі болды. Олардың банк карталары мен шоттары заңсыз схема аясында пайдаланылып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және әрі қарай аудару үшін қызмет атқарған.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды полиция.