Алматыда перезентханадан өрт шықты
Өрт шыққан реанимация бөлімінде сегіз сәби жатқан
Алматыда Сейфуллин даңғылындағы №1 перзентхананың балалар реанимация бөлімшесінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Реанимацияда өрт дабылы іске қосылғаны анықталды. Түнгі ауысымда кезекшілік еткен дәрігерлер уақыт жоғалтпай және дүрбелеңге бой алдырмастан ТЖ кезіндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес жұмыс істеді. Жаңа туған 8 сәби қауіпсіз жерге эвакуцияланды. Дәрігер Виталий Грушевский электр розеткасында түйықталып қалған электр сымдарының жануының алдын алып, ұнтақты өрт сөндіргішті пайдаланды. Қызметкерлер өздерінің біліктілігінің арқасында өрт сөндірушілер келгенге дейін өрттің алып үлгерді», - деп жазылған хабарламада.
Алматы қаласы ТЖ Департаменті медициналық көмек көрсетуде ғана емес, кез келген жағдайда тығырықтан шығуға қабілетті дәрігерлердің қырағылығы мен жоғары кәсіби біліктіліктері үшін аталған перзентхананың басшылығы пен медициналық қызметкерлеріне алғыс білдірді. Өрттің алдын алып, көк жалынды дер кезінде жоюға ат салысқан барлық қызметкерлер марапатқа ұсынылатын болады.