19.07.2020, 04:28
Оқиғалар
Павлодарда электровоздың үстіне шығып селфи жасамақ болған жасөспірім токқа түсті
Оның денесінің 70 пайызын күйік шалған
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда электровоздың үстіне шығып селфи жасамақ болған 16 жастағы жасөспірім токқа түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Оның денесінің 70 пайызын күйік шалған. Жағдайы ауыр. Оған күрделі ем-дом шаралары тағайындалды. Алдағы уақытта пластикалық операциялар жасалады деген болжам бар.
«Жасөспірім есін жиды. Дәрігерлермен сөйлеседі. Бірақ жағдайы ауыр. Бастапқыда селфи жасап, элктропойыздың үстіне мінгенін айтты. Кейін ұмытып қалғанын жеткізді. Ең бастысы, бала аман. Біз өз тарапымыздан қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз», - дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды